Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашылды
Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашылды
"Өскемен әуежайы" АҚ Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты рейстің ашылғаны туралы хабарлайды.
1-ші маусымнан бастап Шымкентке SCAT авиакомпаниясы аптасына 5 рет — дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексембі күндері ұшатын болады.
"Біз бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болады деп күтеміз, өйткені Шымкент әуежайы одан әрі ірі шетелдік қалаларға — Мюнхен, Будапешт, Мәскеу және Ыстамбұлға қосылатын рейстерге қолайлы мүмкіндіктер береді", - деді "Өскемен әуежайы " АҚ президенті Серік Оразғалиев.
Жаңа бағыт Шығыс Қазақстан облысынан ұшу географиясын кеңейтеді және өңір тұрғындарына іскерлік сапарлар үшін де, туристік саяхаттар үшін де қолайлы.
Билеттер сатылымда бар. Рейстердің егжей-тегжейлі кестесі мен брондау шарттары авиакомпанияның веб-сайтында және кассаларында көрсетілген.
23. 04. 2025
Басқа жаңалықтар:
28. 04. 2026
«Өскемен әуежайы» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы (2026 жылғы 04 мамыр – 17 маусым)
Толығырақ
24. 06. 2026
"Өскемен әуежайы" АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есептің жария тыңдауларын өткізу туралы хабарлайды
Толығырақ
16. 03. 2026
"Өскемен әуежайы" АҚ 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептердің жария тыңдауларын өткізу туралы хабарлайды
Толығырақ
02. 09. 2025
Қазақстан әуежайларында қол жүгін және багажды тексеруге қатысты жаңа ережелер енгізілді.
Толығырақ