Қауіпті заттар мен заттардың тізімі

Ұшып кететін жолаушыларға

Халықаралық авиажелідегі жолаушыларға

Ұшып келетін жолаушыларға

Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға

Авиакомпаниялар мен авиакомпания өкілеттігі

  • Қауіпті заттар мен заттардың тізімі
  • Ұшып кететін жолаушыларға
  • Халықаралық авиажелідегі жолаушыларға
  • Ұшып келетін жолаушыларға
  • Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға
  • Авиакомпаниялар мен авиакомпания өкілеттігі
  • Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі.

    1. Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі тасымалдау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ұшу немесе мүлік қауіпсіздігіне зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін қауіпті заттар мен нәрселерді, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерін азаматтық әуе кемелерінің бортына алып кіруді болдырмау мақсатында нұсқаулық материал ретінде пайдалануға арналған.

    2. Қол жүгі мен багажында тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер:

    1) кемінде жарылғыш заттың заряды мен жарылыс құралы бар, жарылыс нысанында әрекет жасауға жарамды және арналған, жарылғыш және өзге де өлімге әкелетін құрылғылар, сондай-ақ жарылғыш заттар мен олардың құрамындағы нәрселер, оның ішінде: саны мен орамасына қарамастан, оқ-дәрілердің барлық түрлері; гранаталар, миналар және снарядтардың барлық түрлері; аңшы капсюльдері (пистондары) және детонатор-капсюлдер; муляж немесе жарылғыш құрылғыларға имитациялау; пиротехникалық құралдар, оның ішінде петардаларды, бенгалдық оттарды, хлопушкаларды және ойыншық тапаншаларға арналған пистондарды, орнатылатын шашкаларды, түтінді оқтарды (шашкаларды) қоса алғанда, жарық бергіш зымырандардың кез келген түрі; Doc 9284, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықпен айқындалатын қауіпті жүктердің тізбесінде көрсетілген қауіпті жүктердің 1-сыныбына жататын динамит, тол, аммонал, тротил және басқа да жарылғыш заттар; капсюльдер, детонаторлар, электр детонаторлар, электрлік тұтандырғыштар, детонацияланатын және от өткізуші баулар;

    2) радиоактивті заттар;

    3) «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес есірткі заттар;

    4) сығылған және сұйытылған газдар, оның ішінде тұрмыста пайдаланылатын газдар, мыналарды: дәрілік препараттар – жолаушының денсаулығын сақтау үшін қажетті көлемдер шегінде медициналық мақсаттарда пайдаланылатын аэрозольдер мен оттегі бар баллондар; жасанды аяқ-қолдарды (протездерді) қуаттандыруға арналған көмірқышқыл газы бар баллондар; өздігінен үрленетін құтқару кеудешелеріне арналған көмірқышқыл газы бар баллондар;тыныс алу жолдарының жіті және созылмалы ауруларын емдеуге арналған және жолаушының қалтасында болатын сымсыз, үнсіз, қайта зарядталатын жеңіл құрылғы болып табылатын портативті ингаляторлар (небулайзерлер); жолаушылар үшін қолжетімсіз багажда 100 миллилитрден астам қол жүгімен тасымалдауға жол берілетін көлемі 100 миллилитрге дейінгі жанбайтын және уытты емес аэрозольдерді қоспағанда, аэрозольдердің барлық түрлері;

    5) тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде ацетон, бензин, мұнай өнімдерінің сынамалары, метанол, метил эфирі, тежегіш сұйықтығы, күкірткөміртек, эфирлер және өзге де жеңіл тұтанатын сұйықтықтар, оның ішінде көлемі бойынша құрамында 70 %-дан артық алкоголі (күштілігі 140 %) бар алкогольді ішімдіктер;

    6) тұтанғыш қатты заттар - оларға су тию әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын заттар: калий, натрий, металл кальциі және олардың құймасы; ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттар санатына жататын өзге де заттар; органикалық тотық; коллоидті нитроцеллюлоза;

    7) улы және уландырғыш заттар: кез келген улы, қатты әсер ететін және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі заттар, кез келген ыдысқа оралған: бруцин, никотин, стрихинин, тетрагидрофурфурилді спирт, антифриз, этиленгликоль, сынап, синильді қышқылдың барлық тұздары және цианды препараттар, циклон, циан құймасы, мышьяк ангидриді және өзге де қатты әсер ететін улы және уландыратын заттар;

    8) жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, олардан тұратын заттар және нәрселер;

    9) күйдіретін және тоттанатын заттар:бейорганикалық қышқылдар, оның ішінде тұз, күкірт, азот және басқа қышқылдар;Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Doc 9284, Әуе арқылы қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарда айқындалатын қауіпті жүктердің тізбесінде көрсетілген фторлы-сутекті (плазикті) қышқыл және өзге де күшті қышқылдар заттар және тоттанатын қышқылдар;

    10) бос оттықтар, жанармай болған көлік құралының отын жүйесінің бөлшектері, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының іздері немесе ерекше иісі бар жанар-жағармай материалдарын тасымалдау немесе сақтау үшін пайдаланылған сыйымдылықтар.

    3. Қол жүгінде және багаж бөлігінде тасымалдауға тыйым салынған жолаушылар үшін қолжетімді қауіпті заттар мен нәрселер:

    1) атыс (қол жауынгерлік ату, азаматтық және қызметтік) қаруының барлық түрлері, әрекеті электр энергиясы, радиоактивті сәулелену және биологиялық факторларды пайдалануға негізделген қару; лақтыратын, электрлік, механикалық қару, оның ішінде ойық ұңғылы, тегіс ұңғылы, аралас, ұңғысыз, газды оқ дәрімен атылатын қару, пневматикалық сигнал беру және жаттығу қаруы, атыс қаруының бөлшектері (телескоптық көздеу құрылғыларын және көздеуішті қоспағанда); басқа нәрселерді имитациялайтын нысаны бар қару, сондай-ақ бекітуге арналған өнеркәсіптік тапаншалар, садақтар, арбалеттер, гарпундық мылтықтар және су астында аулауға арналған мылтықтар, атыс қаруы түріндегі оттықтар, сигнал беру ракетницалары, старт беру тапаншалары, уақытша жансыздандыру, естен тандыру және электрмен соғу әрекеті бар құрылғылар, керме ағаштар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендерді имитациялайтын барлық көшірмелер мен нәрселер (оның ішінде ойыншық түріндегі);

    2) түйрегіш және кесетін қару, соғу-бытырату әрекеті бар нәрселер және ұшталған нәрселер, сондай-ақ оларды иммитациялайтын нәрселер: қылыштар, үлкен пышақтар, наркескендер, палаштар, семсерлер, мачетелер, сапылар, найзалар, қанжарлар, кездіктер, стилеттер, кастеттер, кистендер, өзге де жүзі бар қарулар және пышақтың кез келген түрлері - оның ішінде техникалық және шаруашылық-тұрмыстық, балталар, жебе және жебе түріндегі зақымдайтын элементтер, оның ішінде лақтыратын жұлдызшалар, темір ілгектер, гарпундар, мұз шапқыштар, үшкір металл ұштары бар таяқтар, конькилер, пышақтар, скальпельдер, қауіпті ұстаралар, ұзындығы 3 сантиметрден асатын жүздері бар қайшылар (ұштары доғал немесе дөңгеленген қайшылар жүздердің ұзындығы 3 сантиметрден аз тасымалдауға рұқсат етіледі), шаңғы таяқтары мен серуендеуге/жаяу туризмге арналған таяқтар, тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы өзге де шаншу және кесу нәрселері, оның ішінде металл ленталары бар рулеткалар мен нәрселер, әлеуетті қару ретінде пайдалану үшін жеткілікті берік кез келген материалдан жасалған, сондай-ақ оларды имитациялайтын көшірмелер мен нәрселер (оның ішінде ойыншықтар түрінде). Жолаушылар мен экипаж мүшелеріне шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселер, оның ішінде: медициналық, слесарлық-токарлық, тігін және жұмыс құралдары, инелер (өмірлік маңызды жағдайды қоспағанда. Мұндай жағдайларда ұшу кезінде шприцті қолдану қажеттілігін растайтын емдеуші дәрігерден анықтама алу қажет) сияқты тесу немесе кесу заты ретінде пайдаланылуы мүмкін бұрғылар мен бұрғылар, аралардың барлық түрлері, бұрағыштар, монтаждар, балғалар, қысқыштар, кілттер/тұтқалар, дәнекерлеу жабдықтары;

    3) атыс және газды қаруларға оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік оқтар, жарық дыбыстық, жарақаттық әрекеті бар, жалған, жарақталған аңшы оқтары;

    4) өтпейтін ұштары бар нәрселер: бейсбол, софтбол, крокет, поло ойындарына арналған соғу таяқтары, бильярд, снукер және пул ойындарына арналған киилер; тоқпақтардың (қатты немесе иілгіш) барлық түрлері және қоян-қолтық ұрыс құралдары; аулар, гольф ойынына және өзге де спорттық ойындарға арналған имек таяқтар; ескектер, оның ішінде байдаркаларға және каноэға, скейтбордтарга арналған;

    1)-3) тармақшаларға ескертпе: азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының (жолаушы әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған газды қаруларға оқ-дәрілерден басқа) тасымалдауы «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) жүзеге асырылады;

    5) ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Doc 8973 Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығының «Қауіпті жүктерді әуе арқылы тасымалдау тәртібіне шолу» 12-қосымшасына «А» толықтыруда айқындалатын шектеулерге сәйкес құрғақ мұз; жүрек бұлшық бұлшық еттерін ширататын немесе адам денесінде бар радиоактивті изотоптар және радиоактивті фармацевтикалық препараттар негізіндегі өзге де құрылғылар; ауруларды тасымалдауға арналған итергіш-кресло немесе аккумуляторлы батареялары бар басқа жылжымалы құралдар; газ және оларды толтыруға арналған газды элементтері бар шаш бұйралауға арналған ұстағыштар; сынапты барометрлер немесе термометрлер, медициналық немесе клиникалық термометрлер.

    4. Қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер: сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын ыдыстардағы сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, оның ішінде: су және басқа сусындар, сорпалар, сироптар, джемдер, бұқтырылған тағамдар, тұздықтар мен пасталар; тұздықтардағы немесе сұйықтықтың көп мөлшері бар тамақ өнімдері; кремдер, лосьондар, косметика және майлар; әтірлер; спрейлер; шаш пен душқа арналған гельдерді қоса алғанда, гельдер;қырыну көбігін, көбіктің басқа түрлерін, дезодоранттарды қоса алғанда, қысымдағы ыдыстар; пасталар, оның ішінде тіс пастасы да; қатты заттары бар сұйықтық қоспалары; кірпікке арналған тушь; ерін жылтыратқышы.Ұшу уақытына қажетті мөлшердегі дәрілік препараттар, балалар тағамы мен арнайы диеталық қажеттіліктер, сондай-ақ әуежайда бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан сатып алынған, ұшу кезінде пакеттің ішіндегіге рұқсатты көзбен шолып сәйкестендіруді қамтамасыз ететін, онда бұл сатып алу сапарға шығатын күні (күндері) әуежайдағы бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан жүргізілгендігін анық растайтын (сатып алған тауардың чегі), берік мөрленген (пломбаланған) пластиктік пакетке оралған сұйықтықтар тасымалдау бойынша ерекшелікке ие болады.

    5. Зауыттық орамасы, тиісті техникалық паспорты және сертификаты жоқ құрамы белгісіз заттар мен сұйықтықтар.

    6. Багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер: батареялармен жұмыс істейтін портативті электронды темекі шегу құрылғылары, оның ішінде: электронды темекілер, электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар, электронды никотин беру жүйелері). Батареялар құрмындағы литий 2 грамнан, ал литий-ионды батареялардың үлес қуаты - 100 ватт-сағаттан аспауы тиіс. Құрамында литий немесе литий-ионды элементтер, сондай-ақ қосалқы батареялар бар портативті электрондық құрылғылар (сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.). Бір адамға екі бөлек қорғалған қосалқы батареядан артық емес. Пайдаланушының келісімі бойынша құрамында литий-ионды батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды және меншікті қуаты 100 ватт-сағатта, бірақ 160 ватт-сағаттан аспайтын қосалқы литий-ионды батареяларды тасымалдау үшін.

  • Өскемен халықаралық әуежайының ішкі рейстеріне авиабилеттер тіркеу мен жүктерді рәсімдеу рейстің ұшуына 1 сағат 30 минут қалғанда басталып, ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Рейске тіркелудің басталу уақыты мен аяқталу уақытын Сіздің рейс ұшатын авиакомпания өкілдерінен нақтылап сұрап алуға кеңес беріледі.

    Тіркеуден өту кезінде Сіз төлқұжат немесе жекебас куәлігін көрсетуіңіз қажет. Онымен қоса авиабилетті (егер Сізде электронды билет болған жағдайда тіркеуден өту үшін төлқұжат немесе жекебас куәлігін көрсету жеткілікті) және (жүгіңіз ұшақтың салонында немесе ұшақтың жүк бөлімінде тасымалдана ма, жоқ па, оған қарамастан) жүгіңізді көрсетуіңіз қажет.

    Жүгіңіздің салмағына және көлеміне назар аударыңыз – егер ол Сіз ұшатын авиакомпания бекіткен мөлшерден асып кеткен жағдайда, Сіз жүкті тасымалдауға қосымша ақы төлеуіңіз қажет.

    Сіз ұшатын авиакомпания сайтында көрсетілген жүктерді тасымалдау туралы ережелермен ертерек танысып алуға кеңес береміз. Тіркеу процедурасы аяқталғаннан кейін Сізге ұшаққа отырғызу талоны мен жүкке бирка беріледі.Ұшаққа отырғызу талоны мен жүк биркасын Сіз бара жатқан қаланың әуежайында жүгіңізді алғанға дейін сақтауыңыз қажет.

    Авиакомпанияларда жүкті тасымалдау нормалары мынадай параметрлерге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін: 

    • ұшу бағыты – (ішкі немесе халықаралық рейс), жүк тасымалдау нормасы салмағына немесе санына қарай болуы мүмкін.
    • брондау класы – тариф бойынша, билетті сатып алған жолаушыға эконом класта жүкті тасымалдау нормасы 10-25 кг, ал бизнес класта 30 кг. құрайды

    Нормадан асып кеткен жүкке сол ситуацияға байланысты алымдардың төлемі бойынша ақы төленеді. 

    Ұшу алдындағы тексеруден өту және ұшуды тосу

    Авиабилеттерді тіркеу мен жүктерді рәсімдеу аяқталғаннан кейін жолаушылар ұшу алдындағы тексеруден өтеді. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері арнайы сертификатталған тексеру құралын пайдалана отырып жолаушылар мен олардың қол жүктеріне ұшу алдындағы тексеру жұмысын өткізеді.

    Ұшу алдындағы тексеруден өткен жолаушылар ұшаққа отырғызудың басталғаны туралы хабарламаны естігенше күту залына барып тосып отырады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.12.2011 жылдың № 1522 «Жолаушыларды, жүктерді әуе кемесінде тасымалдау ережесі» Қаулысы.

  • Өскемен халықаралық әуежайында халықаралық рейстерге авиабилеттер тіркеу мен жүктерді рәсімдеу рейстің ұшуына 3 сағат қалғанда басталып, ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Рейске тіркелудің басталу уақыты мен аяқталу уақытын Сіздің рейс ұшатын авиакомпания өкілдерінен нақтылап сұрап алуға кеңес беріледі.

    Халықаралық рейстің жолаушылары авиабилеттерді тіркеу мен жүктерді рәсімдемес бұрын кедендік бақылау аймағынан өтуі керек.

  • Өскемен халықаралық әуежайына ұшып келген жолаушылар №2 немесе №3 терминалға келеді.

    Аэробекетке келген жолаушыларған ұшып келу залына баруы керек. Халықаралық рейс жолаушылары құжаттық тексеруден өтеді. Құжаттық тексеруден өткен жолаушы жүгін ала алады.

    Халықаралық рейс жолаушылары жүгін алғаннан кейін кедендік бақылаудан өтеді. Онда кедендік декларациялар жасалынып, кедендік төлемақы төленеді.

  • Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушының ұшақпен ұшуына шешімді оның ем жүргізетін дәрігері немесе тасымалдаушы авиакомпанияның өкілі мына факторларды ескере отырып қабылдайды: жолаушының денсаулық жағдайы, арнайы жабдықтың қажеттілігі, бір рейсте осы категориядағы жолаушылардың болу санын шектеу. Егер Сіз немесе Сіздің жақыныңыз ұшақпен ұшуды жоспарлап және осы категориялы жолаушылар санына жататын болсаңыз, билетті алар кезде бұл туралы алдын ала ескертіп айтуыңыз керек.

    Әуежайға келгеннен кейін Сіз өз бетіңізбен тіркеуден өтуіңізге немесе бірінші қабаттағы дәрігерлік пункттің көмегіне жүгінуіңізге болады. Дәрігерлік пункттің мамандары әуемен ұшар кездегі медициналық қарсы көрсетілімдер туралы жолаушыларға кеңес беріп, сырқат немесе өздігінен қозғала алмайтын жолаушылармен ұшаққа дейін немесе ұшақтан медициналық қызметкер бірге ертіп апарады. Сонымен қатар, бұл жолаушыларға тіркеуден, шекаралық/кедендік бақылаудан өтуге және жүкті рәсімдеу мен жеткізуде көмек көрсетіледі.

    Өскемен әуежайының инфрақұрылымы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың талаптарына қарай үнемі жетілдіріліп отырылады. Сізге ыңғайлы болу үшін әуежайда мына заттар бар:

    • мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың көліктеріне арналған жеке тұрақтар бар:
    • әуежай аумағында (дәрігерлік пунктте) қозғалып жүре алуы үшін мүгедектерге арналған арба бар;
    • мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған байланыс құралдары (таксофон) бар.

    Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты барлық сұрақтарыңызға жауапты, жолаушыларға медициналық қызмет көрсету бөлімінен, мына телефон бойынша алуыңызға болады: +7 (7232) 77-86-02

    • «SCAT» авиакомпаниясының кассасы 77-81-37. Бажов көшесі 566
    • «Транс Авиа» агенттігі 24-23-23, 24-26-36. Қазақстан көшесі 31
    • «Авиалюкс» агенттігі 25-58-88, 26-19-24. Қабанбай Батыр көшесі 158
    • «Эйр Астана» авиакомпаниясының кассасы 77-81-41 Бажов көшесі 566
    • «Авиа Стар» агенттігі 25-28-50. Қасым Қайсенов көшесі 123
    • «Отрар Трэвел» агенттігі 24-32-33, 57-66-76 Орджоникидзе көшесі 4
    • «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ-ның кассасы 77-80-01. Бажов көшесі 566