Әуежай - Құрылу тарихы

«Аэропорт Усть-Каменогорск» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру бойынша қаржы Департаменті вице-министрінің 28.12.1998 жылғы №747 Қаулысын орындау мақсатымен жарғы капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен «Иртыш Авиа», «Ульба» акционерлік қоғамдарынан бөлініп шығу арқылы құралды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.11.2000 жылғы №1704 Қаулысымен «Аэропорт Усть-Каменогорск» ААҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті коммуналдық меншікке берілді.

2004 жылы «Аэропорт Усть-Каменогорск» ашық акционерлік қоғамы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 21.04.2008 жылдың №60 қабылдау-өткізу актісімен «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ-ның акциялар пакеті коммунальдық меншіктен республикалық меншікке өткізілді.

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру бойынша Комитетінің 30.12.2008 жылғы №829 бұйрығының негізінде «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ-ның мемлекеттік пакеттер акциясы «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарияланған акциялардың ақысына берілді.