Хабарландыру
Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.12.2022 ж. №488 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың» 12-тармағын басшылыққа ала отырып, «Өскемен әуежайы» АҚ 2024 жылғы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2025 жылғы 19 желтоқсанға дейін ұзартылатынын хабарлаймыз.
Негізі: құрылымдық бөлімшелердің көптігіне байланысты жан-жақты зерттеу үшін қосымша уақытты қажет ететін тексерілетін процестердің айтарлықтай көлемі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Өскемен әуежайы» АҚ-да 2025 жылғы 01-15 желтоқсан аралығында «Өскемен әуежайы» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетін болады , атап айтқанда:
02.12.2025 ж. - жария талқылаудың басталуы;
08.12.2025ж. - жария талқылау;
15.12.2025 ж. - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аяқтау.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалардың қатысуын сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша «Өскемен әуежайы» АҚ комплаенс-офицеріне Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 566, «А»терминалының ғимараты, 2 қабат, мекенжайы бойынша, 77-90-02 телефоны арқылы хабарласуға болады.
03. 12. 2025
Басқа жаңалықтар:
01. 08. 2025
Ұшу кестесі өзгереді
Толығырақ
23. 04. 2025
Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашылды
Толығырақ
11. 04. 2025
Өскемен әуежайы жолаушыларды тасымалдау көлемін ұлғайтуда
Толығырақ
06. 11. 2025
Өскеменде Зайсанмен Катонқарағайда салынып жатқан әуежайларға мамандар даярлау басталды
Толығырақ