Басты бет Жаңалықтар Ресми түсініктеме «Өскемен әуежайы» АҚ

Ресми түсініктеме «Өскемен әуежайы» АҚ

Ресми түсініктеме «Өскемен әуежайы» АҚ

«Өскемен әуежайы» АҚ «жақын арада сауда-саттыққа шығаруды жоспарлап отырғаны» туралы ақпарат YK-news.kz жариялануына байланысты, Қоғам ресми түсініктеме беру қажет деп санайды. Бұл ақпарат істің нақты жағдайына сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес «Өскемен әуежайы» АҚ шынымен де екінші кезектегі жекешелендіру объектілерінің тізбесіне енгізілген, ал акцияларды сату бойынша сауда-саттықты өткізу бастапқыда 2025 жылғы қарашаға жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта Қоғамның 100% акциясы әуежайдың жалғыз акционері болып табылатын «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ меншігінде. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің хатымен жекешелендіру сауда-саттығын өткізу мерзімі ресми түрде 2028 жылға дейін ұзартылғанын қосымша хабарлаймыз. Тиісінше, 2025 жылы сауда-саттық өткізу жоспарланбаған. «Өскемен әуежайы» АҚ акцияларының құнын тәуелсіз бағалау бойынша іс-шаралар 2024 жылғы желтоқсанда іс жүзінде аяқталған және ағымдағы сәтте бағалау бойынша қосымша рәсімдер жүргізіліп жатқан жоқ. Осылайша, әуежайдың «қазіргі уақытта сауда-саттыққа шығарылуы жоспарланып отыр» деген ақпарат орынсыз және жекешелендіру процесінің нақты мәртебесін көрсетпейді. «Өскемен әуежайы»АҚ өз қызметін штаттық режимде жүзеге асыруды жалғастыруда.
13. 11. 2025