Жүктерді тасымалдау



Жүкті тасымалдау ережелері

Жолаушының жүктері – жолаушының ұшып баратын әуежайында, трансфер әуежайында, аялдау әуежайында тіркелу кезінде немесе басқа пунктте тіркелу кезінде тасымалдауға жіберіледі. Жолаушының жүгі бекітілген нормаға сай болса, онда жүкті қосымша ақысыз тасымалдауға құқы бар. Жүк, қол жүгін, жануарларды тасымалдау талаптарымен ұшатын рейс авиакомпаниясынан анықтап сұрап алуыңызға болады. Халықаралық бағытта ұшуды жоспарласаңыз, Сіз ұшып баратын шетелдің қойылатын талаптарымен танысқаныңыз дұрыс болады.


Жүкті өзіңмен бірге тегін тасымалдау нормасы – әуе кемесінің типіне, қызмет көрсету класына және тариф түріне байланысты. Эконом класта бұл норма 23 кг., ал бизнес класта 30 кг.болады.


Жүкті тегін тасымалдау нормасынан тыс және ақы төленбейтін заттар, егер осы заттар жолаушының жүгінде емес, жолаушы өзімен бірге алып жүрген жағдайда, мыналар болып табылады:

  • — әйел адамның сөмкешесі немесе портфель;
  • — қағазға арналған папка;
  • — қолшатыр;
  • — қол таяғы;
  • — бір бума гүл;
  • — сырт киім;;
  • — ұшу кезінде оқуға алып шыққан басылымдар;
  • — баланы тасымалдау кезінде бірге алып жүретін баланың бесігі;
  • — мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тасымалдау кезіндегі балдақ, зембіл, мүгедек арбасы. Бұл көрсетілген заттардың салмағы өлшенбейді, рәсімдеуге кірмейді және биркамен таңбаланбайды.
Қол жүгін тасымалдау

Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында – әуе кемесі, оның борттық азық-түлігі, экипаж мүшелері, жолаушылар, жолаушылардың өзімен бірге алып кіретін қол жүктері, жүктері және тасымалданатын пошта міндетті түрде ұшар алдындағы тексеруден өтеді.


Жолаушы тексеруден өтуге бас тартқан жағдайда, сол жолаушымен ұшу келісім-шарты бұзылады.


Ұшу алдындағы және ұшып келгеннен кейінгі тексеруді өткізу Ережелеріне сай (ҚР көлік және коммуникация Министрінің 03.07.2011ж. №419 бұйрығымен бекітілген) әуе кемесі бортында экипаж мүшелері мен жолаушыларға өзімен бірге салонда алып жүретін заттарында және тасымалданатын жүктерінде төмендегі заттардың болуына тыйым салынады:

1. Жарылғыш заттар, қопару-жару құралдары:

  • — кез келген қаптамадағы әртүрлі оқ-дәрі,
  • — соғыста пайдаланатын оқ-дәрілер (соның ішінде ұсақ қалибрлі);
  • — газды қаруда пайдаланылатын оқ-дәрі;
  • — аңшылық мақсатқа арналған капсюльдер (пистондар);
  • — пиротехникалық құралдар: дабыл беретін және жарық беретін ракеталар, дабыл патрондары, қондыру шашкалары, түтіндету құтысы (шашкалар), қопарғыш сіріңкелері, бенгаль оттықтары, теміржол петардалары;
  • — тротил, динамит, тол, аммонал и басқа да жарылғыш заттар;
  • — детонатор капсюльдері, электрдетонаторлары, электртұтанғыштар, детонациялық және отөткізгіш бау және т.б.

2. Қысылған және сұйытылған газдар:

  • — тұрмыста пайдаланылатын газдар (бутан-пропан) және басқа да газдар;
  • — жүйкеге әсер еткіш, адамды сал қылатын және көз жасын ағызатын газ баллоншасы және т.б.

3. Тез тұтанатын сұйықтықтар:

  • — ацетон;
  • — бензин;
  • — тез тұтанғыш мұнай өнімдерінің сынамасы;
  • — метанол;
  • — метилацетат (метил эфирі);
  • — күкіртті көміртек;
  • — эфирлер;
  • — этилцеллозола.

4. Тұтанатын қатты заттар:

  • — өздігінен жанатын заттар;
  • — сумен қосылған кезде тез тұтананатын газдар бөліп шығаратын заттар: калий, натрий, металл кальцийы және олардың қорытпасы, фосфорлы кальций және т.б.;
  • — ақ, сары және қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттарға жататын басқа да заттар.

5. Тотығатын заттар және органикалық тотықтар:

  • — құрамында 25% су немесе еріткіші бар, ылғалды немесе сұйық күйінде түйіршіктелдген немесе ұлпа күйіндегі коллоидті нитроцеллюлоза;
  • — құрамында 25% спирті бар ылғалды кесек күйіндегі коллоидті нитроцеллюлоза;
  • — құрамында 30% еріткіш немесе 20% су бар ылғалды немесе сұйық күйіндегі нитроцеллюлоза

6. Уытты заттар.

7. Радиоактивті материалдар.

8. Күйдіретін және коррозиялық заттар:

  • — органикалық емес күшті қышқылдар: тұзды, күкіртті, азотты және басқалар;
  • — фторлы-сутекті (ерігіш) қышқыл және басқа да күшті қышқылдар мен коррозиялық заттар.

9. Улы және уландыратын заттар:

  • — қандай да бір ыдыстағы сұйық немесе қатты күйдегі кез келген күшті әсер еткіш уландыратын және улы заттар;
  • — бруцин;
  • — никотин;
  • — стрихнин;
  • — тетрагидрофурфурилді спирт;
  • — антифриз;
  • — тежеуіш сұйықтығы;
  • — этиленгликоль;
  • — сынап;
  • — синиль қышқылының барлық тұздары және и цианды дәрі-дәрімектер препараты;
  • — циклон, мышьяк ангидриді және т.б.

10. Қарулар:

  • — пистолеттер, револьверлер, винтовкалар, карабиндер және оқ-дәрімен атылатын басқа да қарулар, газды, пневматикалық қарулар, электрошоктық құрылғылар, кездіктер, үш қырлы кішкентай қанжарлар, десанттық сүңгі-пышақтар, ҚР заңнамасымен бекітілген жағдайлардан басқа.

11. Әуе кемесінің ұшуына қауіп келтіріп, әуе кемесінің экипажына, жолаушыларға шабуыл жасауға қару ретінде пайдалануы мүмкін басқа да қауіпті заттар мен жүктер Экипаж мүшелері мен жолаушыларға тіркелген жүк ретінде ұшу кезінде жолаушы бара алмайтын әуе кемесінің жүк бөлімінде мына заттарды тасымалдауға рұқсат беріледі:

  • — арбалеттер, су астындағы аңшылыққа арналған қарулар, шашка, қылыш, шапашоттар, қайқы қылыш, наркескен, семсер, найза, қанжар, мынадай пышақтың түрлері: аңшылыққа арналған, лақтырылатын сыналары бар пышақ, құлыптанатын пышақтар, кез келген қарудың имитаторлары;
  • — жүзі 60 мм.аспайтын тұрмыс-шаруашылық пышақтары (қайшылар);
  • — құрамында 24 пайыздан бастап 70 пайызға дейін алкоголі бар сусындар, жеке сатуда қолданылып жүрген ыдыста, бір жолаушыға 5 литр мөлшерінде;
  • — жидкости и алкогольные напитки с содержанием алкоголя по объёму не более 24%;
  • — спорттық немесе тұрмыстық мақсатта қолдануға арналған аэрозольдар, баллонның ашылатын клапаны өздігінен ашылып кетпес үшін қақпақшалармен жабылған, бір жолаушыға 0,5 кг.- 2кг. аспайтын немесе 500 мл.-2 л.аспайтын ыдыста болуы керек. Жолаушының өзімен бірге алып жүретін затында мыналарды тасымалдауға рұқсат беріледі:
  • — медициналық термометр — жолаушыға бір дана;
  • — стандартты қалыптағы сынаптық тонометр – жолаушыға бір дана;
  • — барометр немесе герметикалық контейнерге салынып, жіберушінің мөрі таңбаланған, оралған сынапты манометр;
  • — бір реттік от тұтатқыштар — жолаушыға бір дана;
  • — тез бұзылатын азық-түліктерді суытуға арналған құрғақ мұз – бір жолаушыға 2 кг.аспайтын;
  • — 3% сутек тотығы — бір жолаушыға 100 мл.аспайтын;
  • — 100 мл.аспайтын ыдыстағы қауіпті емес деп саналатын гельдер мен аэрозольдер, мөлдір пластикалық пакетте тығыздап оралған көлемі 1 литрден аспайтын, – жолаушыға бір пакет. 100 мл.асатын ыдыста құйылған сұйықтықтар тасымалданбайды, тіпті ыдысқа сұйықтық жартылай құйылып тұрса дағы. Ұшу кезінде қажет деп саналатын арнайы диеталық қажеттілікке жататын дәрілер, бала тағамы, оның ішінде омырау сүті де тасымалданады. Баж салығынсыз саудадағы әуежай дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортында сатып алынған аузы бекітілген (пломбаланған) пластик пакеттегі сұйықтықтар (сұйықтықты шынымен де ұшатын күні сол жерден сатып алынғаны туралы растау дәйектемесі болуы қажет). Әуежай әкімшілігінің немесе авиакомпанияның қауіптілігі жоғары рейстерде авиациялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қосымша шараларды енгізуге құқы бар. Осыған байланысты әуе кемесінің салонына мына заттарды алып кіруге тыйым салынады:
  • — штопорлар;
  • — тері астына жіберілетін инъекцияға арналған инелер (егер медициналық дәйектемесі болмаса);
  • — тоқыма тоқу біздері;
  • — жүзінің ұзындығы 60 мм.асатын қайшы;
  • — жолға арналған жиналатын (бекіткіші жоқ), жүзінің ұзындығы 60 мм.асатын бүктемелі пышақтар.

Ұшу алдындағы тексеру барысында мынадай әртүрлі электр техникасы тексеріледі: радио және телеаппаратура, фото мен кинотехника, аудио мен видеотехника, жеке компьютерлер, ұялы телефондар, сонымен қатар (іші қуыс және жұмсақ) ойыншықтар.


Радио және телеаппаратура, аудио және видеотехника, жеке компьютерлер, ұялы телефондар қажет болған жағдайда блок қоры арқылы немесе электр жүйесіне қосып тексеріледі, олардың жұмыс істеу қабілеті тексеріледі. Жолаушы аппаратурасын өзі қосып, блок қорының қақпағын ашып, кассет салынған қуыстарын ашып көрсетеді.


Таспасыз фото және киноаппаратуралар техникалық тексеру құралдарымен, олардың қабы (тысы), сонымен қатар таспалы камерасын да ашып қарап тексеру арқылы және техникалық тексеру құралдарымен тексеріліп қаралады. Рентген-телевизиялық құрылғымен қарау барысында бұл заттарды қол жүгінен алып шығарудың қажеті жоқ. Егер құрылғыларда таспа болған жағдайда, жолаушы таспаны айналдырып, оның тексеру алдында шығарады.


Әуе кемесінің салонында тасымалдауға сақтық шараларын қадағалауды талап ететін мына заттарды тасымалдауға болмайды: кино және фотоаппаратура, теле және радио аппаратура, электронды приборлар, музыкалық аспаптар, шыныдан, фарфордан, керамикадан жасалған бұйымдар және т.б.


Ұшу барысында байланыс жүйесі мен пилотажға кедергі болмас үшін әуе кемесінің бортында электронды ойындармен ойнауға, портативті видеокамераны, ұялы телефонды және басқа да электронды аппаратураларды қолдануға тыйым салынады.


Қол жүгі мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке тартылады.

Нормадан асып кеткен, габаритті емес жүктер

Габаритті емес жүктерді, ауыр салмақты жүктерді, үй жануарлары мен құстарды тасымалдау


Габаритті емес жүктерді, ауыр салмақты жүктерді, үй жануарлары мен құстарды тасымалдауға және соқыр адамды жетелуші иттен басқа жануарларды тасымалдауға ұшатын рейс авиакомпаниясының бекіткен тарифі бойынша ақы төленеді. Осы аталған жүктерді тасымалдау жолаушының басқа жүктерінен бөлек, факті бойынша салмағынан алып бекіткен тариф бойынша төленеді.